Балқаштықтар Рождество мерекесін атап өтті

Демалыс күні еліміздегі барлық православ христиандары дәстүрлі Рождество мейрамын атап өтті. Айтулы шара негізінде балқаштағы Әулие-Никольский шіркеуінде діни рәсімдер ұйымдастырылды. Құдай үйіне таң сәріден бастап жиналған 250-ге жуық тұрғын құлшылықтарды бірге жасады.

Құлшылық жасау рәсімі сағат 8.00 басталды.
Діни рәсім 3 сағатқа созылды.
Шіркеуге 250-ден астам тұрғын жиналды.

Діни мейрам концерттік бағдарламамен жалғасты.
Балалар көрермен назарына театрландырылған қойылымдарын ұсынды.
Ол үшін 40 бала 2 ай бойы дайындалды.

Әрі қарай мерекені тойлау шіркеу алаңында өрбіді.
40 күн бойы ауыз бекіткен жандарға тәтті тоқаштар мен ыстық шәй үлестірілді.

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *