Балқаштықтар Парламент Мәжілісінде тәжірибеден өте алады

Балқаштықтарға еліміздің Парламент Мәжілісінде тәжірибеден өту ұсынылуда. Мұндай мүмкіндікке «жастар кадрлық резерві» атты республикалық жобаға қатысу арқылы қол жеткізуге болады. Өтініш білдірушілер 18 бен 29 жас аралығындағы ҚР азаматтары болуы тиіс. Ал өтінім қабылдау 30 қыркүйекке дейін жалғасады. Ол үшін алдымен www.rezerv.kz. сайтына кіріп анкета толтыру қажет. Кейін маслихат депутаттарынан, мемлекеттік орган қызметкерлерінен құралған қоғамдық байқау комиссиясы үміткерлерді жеке сұхбаттасуға шақырады. Одан өткендер тест тапсырып, білімдерін сынайды. Оның нәтижесі бойынша әр өңірден 3 үміткерден 48 адам таңдалады. 32 жас Парламент Мәжілісінде 2 апталық тәжірибеден өтсе, 16 сы мемлекеттік және ұлттық компанияларды кәсіби біліктілігін шыңдайды.

Нұржан Жетпісбаев – облыстық «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанатының өкілі
«Дін істері және азаматтық қоғам министірлігі биыл жастар кадрлық резерві жарияланып отыр.Бұл жоба 8 жылдан астам сәтті жүргізіліп келе жатқан үлкен жоба. Жобаның мақсаты еліміздің мемлекеттік аппаратына, жалпы бинес әлеуетіне, тағы да басқа үлкен мекемелерге, ұлттық компанияларға кадр жөнінен, мамандар жөнінен үлкен резерв жасап беру болып табылады».

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *