Балқаштықтар бесік арба және қалындық шеруіне қатыса алады

Мерейтойлық ерекше фестиваль.16 қыркүйек күні қыз-келіншектер арасында бұрын-соңды болмаған «қалыңдық шеруі» ұйымдастырылмақ. Оған нәзік жандылар қатысып, сап түзеп қала көшелерімен жүріп өтуге мүмкіндіктері бар. Қатысуға ниеттілердің жас ерекшеліктеріне шектеу қойылмайды. Бірақ, міндетті түрде ақ той көйлегін киіп келулері тиіс.

Сонымен қатар, дәл осы күні «Бесік арба» шеруі өтеді. Көп балалы ана болу үлгісін насихаттайтын шараға аналар балаларымен бірге қатыса алады. Бастысы бала отыратын арба ерекше безендірілуі шарт. Өтініштер қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде қыркүйек айының 14-не дейін қабылданады. Байланыс телефоны 4-77-51. Бірақ қоңырау шалып үлгермей қалсаңыз- 16 күні сағат 11.30 сахна маңына келуіңізге болады.

Ұлпан Сапарғали- Қалалық тілдерді дамыту және мәдениет бөлімінің бас маманы
« Бұл фестивальге кез- келген қала тұрғындары қатыса алады. Бірі қалыңдық шеруі. Онда міндетті түрде той көйлегі болуы керек.екіншісі бесік арба.Жас аналар, жас қыз –келіншектер бесік арбаларын креативті түрде әсемдеп, безендіруі керек. Ішінде ерекшеленгендербағалы сыйлықтармен марапатталады».

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

code