Балқаштықтар 70 ескі көлікті өткізді

Ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы бойынша балқаштықтар 70 көліктің көзін жойды. Тұрғындар 5 күннің ішінде арнайы мобильді топқа тозығы жеткен тұлпарды өткізіп, қомақты ақшаға ие болды. Ескі көлікті айырбастау шарасы 9 қараша күні басталды. Содан бүгінгі күнге кейін мобильді топ 1 көлікті үйден алып кетіп, 69 иномарканы қабылдап үлгерді. Барлық көліктердің тиісті бөлшектері бүтін болғандықтан 150 мың теңгеге бағалады.Тек бір тұрғын ғана отандық көлікті сатып алуға арналған 315 мың теңгелік сертификатқа ие болды. Енді жиналған ескі көліктер Қарағанда қаласындағы утилизациялау зауытына жеткізіледі. Сол жерде конвейр арқылы сұрыпталады.

Жарас Сыдықов– ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасының менеджері :» Көлікті өткізген күннен кейін ақшасы 15 жұмыс күнде есеп шотына аударылады.Бұл көліктер Қарағанды қаласындағы зауыт бар сол жерде толық утилизицияға жіберіледі».

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Контент защищен!