Балқаштықтар 4 жасар Ислам Тұрсынның еміне қаражат жинап берді. Фото

Балқаштықтар 4 жастағы Ислам Тұрсынның еміне қаражат жинап берді. Туғанынан көру қабілетінен айырылған Исламға ресейлік дәрігерлер ота жасамақшы. Осыны естіген балқаштық еріктілер қайырымдылық кеш өткізді. Мәдениет сарайында ақша салатын екі жәшік қойылып, жергілікті әнші, бишілер халыққа өнер көрсетті. Осындай жәшіктер қаланың бірнеше сауда орындарына да қойылған. Барлық жәшіктерден 650 мыңнан көп қаражат  түсті. Қалған  1 миллион теңгені  баланың ата-анасының туған-туыстары, таныстары мен жомарт жандар жинап берді. Бүгін Ислам ота жасатуға Санкт-Петербургке аттанып кетті. Ота 22 қаңтар күнге жоспарланған.

Алдыңғы материалдар: 4 жастағы балқаштық балаға көмек қажет

Балқаштықтар ИсламТұрсынға арнап қайырымдылық концерт өткізеді.

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *