Балқаштық студенттер ВИЧ инфекциясын анықтау мақсатында қан тапсырды

Ғасыр дерті! Бүгін қаланың студенттері ВИЧ инфекциясына қарсы ұйымдастырылған сараптамаға қатысты. Балқаш гуманитарлық-техникалық колледждегі жылжымалы зертханаға келіп қан тапсырды. Осындай акция 1 желтоқсан бүкіл әлемдік СПИД-ке қарсы күні аясында ұйымдастырылды. Белсенді жастар аурудың адам өмірі үшін қатерлі, жұқпалы екенін және одан сақтану жолдарын көрініс арқылы көрсетті.Жас буын өкілдеріне өз тілдерінде жеткізді. Арнайы флеш-моб биледі. Бір-бірлеріне ақпарат қағаздарын таратты.

Диана Шауджан – БГТК 1 -курс студенті:«Би қойылымын жасау үшін біз үш күн дайындалдық. Кішігірім көрініс арқылы СПИД қатерлі ауру екенін айтқымыз келді. Және ол адамды құшақтау арқылы жұқпайтынын көрсеттік».

Ал осыдан кейін колледж жастары медициналық бөлмеге жиналып, ВИЧ инфекциясын анықтау мақсатында қан тапсырды. 2-3 сағаттың ішінде 18-жастан асқан 200-ге жуық студент ниет білдірді. Және сараптама барлығында оң нәтиже шығарды.Яғни, балғындарда ауыр дерттің түрі анықталмады.

Виолетта Аманкулова –эпидемиолог- дәрігер:«Біз осы ұран бойынша ел арасында үгіт-насихатты жүргізіп жатырмыз.Себебі, ВИЧ дертіне шалдыққандарды қоғам дұрыс қабылдаса екен дейміз. Өйткені, бұл аурумен ауырғандар дұрыс емделсе, салауатты өмір салтын сақтанса ешкімге зиян келтірмейді».

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Контент защищен!