Балқаштық спортшылардың ақшалай сый ұтып алуға мүмкіндіктері бар

Балқаш тұрғындары мен қонақтары қала күнінде түрлі спорттық сайыстарға қатысып, ақшалай сый ұтып ала алады. 16 қыркүйек күні мәдениет сарайының артында тұрғызылған жаңа спорттық алаңдарда қазақ күресі, армрестлинг және кір тасын көтеруден жарыс өтеді. Ең қомақты жүлде қоры 300 мың теңге. Бұл сомаға қазақ күресінен бағын сынап, жауырыны жерге тимеген түйе балуан ие болады. Ал екінші, үшінші орынға жайғасқан өзге жеңімпаздар 200 мың және 100 мың теңгемен марапатталады. Қол күрес, кір тасын көтеру сайыстарына тігілген жүлде қоры да әжептәуір. Жеңіске жеткендер 50 мың, 30 мың және 20 мың теңгеге қол жеткізеді.

Ізбасар Шакенов- спорт бөлімінің меңгерушісі
«16 күні сағат 10 нан бастап жарыстар өтетін болады. Ол қазақ күресінен абсолюттік салмақта. Түйе балуандар арасында жарыстар өтеді. Ереже бойынша 75 келіден асқан балуандар қатыса алады. Қатысам деуші барлық тұрғындарды шақырамыз».

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

code