Балқаштық «Металлург» Саран қаласының құрамасымен кездесті

Балқаштық футболшылар тағы тең ойын көрсетті. Кеше «Металлург» Саран қаласының құрамасымен кездесті. Бірінші айналымда екі команда 2:2 есебімен тең түссе, қарымта ойын 1:1 болып аяқталды. Бұл жолы қонақтар басымдық көрсетіп, алғаш болып гол соқты. Ал екінші кезеңде балқаштық Серік Алмас қарсыластарының қақпасын дәл көздеп, есепті теңестірді. Күннің ыстығына қарамастан жерлестеріне жанкүйер болып келген тұрғындар Металлургтан тағы бір гол күткен еді. Алайда, үміт ақталмады. Бұл облыстық біріншіліктің екінші айналамындағы алғашқы ойын. Енді 4 кездесу қалды. Әзірге Металлург командасының қоржынында 4 тең ойын 2 жеңіліс Бірде бір жеңіс жоқ. Оның себебін Металлург командасының жаттықтырушысы құрама мүшелерінің жаңаруымен түсінідіріп отыр.

Серікбол Бектұрғанов-«Металлург» командасының жаттықтырушысы
«Былтырғы балаларлдың көбісі қазір басқа қалада жүр. Сол себептен деп олаймын биылғы командалардың ойыншылары аздау болып түр. Жас команда құру үшін 2-3 жылдау уақыт керек».

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

code