Балқаштық кикбоксшылар республикалық турнирден жеңіспен оралды

Тұңғыш Президент күніне орай Ақтөбе қаласында өткен республикалық додада балқаштық кикбоксшылар топ жарды. Шаршы алаңда бақ сынасқан 8 баланың 4-уі бірінші және екінші орын алды. 200 кикбоксшы арасындағы турнир Ақтөбе қаласында 6-шы рет ұйымдастырылды. Додаға 10 мен 13 жас аралығындағы жасөспірімдер қатысты. Балқаштан 8 бала барып, ақтық сында 4 кикбоксшы жұдырықтасты. Әрқайсысы 4 кездесуден өткізді. 60 келіде Әділ Мұратов, 33 келіде Батырхан Джамбұлов чемпион атанды. Және Даниал Бүлежанов пен Дарын Кенжебеков күміс медальмен марапатталып қайтты.

Даниал Бүлежанов-Кикбокстан өткен республикалық турнирдің 2-ші орын иегері
«Мен финалда Ерасыл деген Атыраудан шыққан баламен кездестім.Мен бірінші,екінші раундта тұрып қалдым.Бірақ үшінші раундта мен ұттым.Содан мен 2:1 есебімен ұтылып қалдым».

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Контент защищен!