Балқаштық ауруханада магнитті-резонансты томография кабинеті ашылады

Қаламызда ашылған компьютерлік  томография балқаштықтарға септігін тигізуде.10 ай  бұрын іске қосылған  ультра заманауи аппараттан 900 науқас    тексерістен  өтті. Нәтижесінде  25 тұрғынның бас миына   дер кезінде  ота жасалды. Екі  жүкті  әйел  сәбиінің өмірін сақтап қалды.

Наурыз  айында Қарағанды  қаласынан  әкелінген компьютерлік томография  аппаратының арқасында     бас сүйек,   кеуде және   құрсақ  қуыстарын  жылдам  тексеруге   болады.  Ол үшін  120 келіге дейінгі  салмақты көтеретін үстелге жатып,  аппараттың ішіне кірсе болғаны.10 минуттан кейін   аурудың  түрі  анықталады.

Анар Райымбекова – Компьютерлік  томография   бөлмесінің  зертханашысы

«Компьютерлік  томографияда  жас ерекшеліктеріне қарамаймыз. Келген   жедел  түрде  түскен науқастарды  түсіреміз.Жоспарланған ауруханадағы  кісілерді  түсіреміз.Бұл аппаратты науқасты зерттеу  үшін  10 минут уақыт кетеді».

Ал  орталық ауруханадағы кабинет 10 айдан бері  жұмыс істеп тұр. Осы уақыт  аралығында  900-ге жуық  науқас  тексерілді. Сараптама  нәтижесінде,25  тұрғынның бас миына   дер   кезінде  ота жасалды. Және томографияға көбінесе инсульт алған, жол апатына  ұшыраған, кеуде тұсына зақым келген, басы  ауырған адамдар жүгінуде.

Қазіргі күні   томографияның  қорытындысын   облыстық  мамандар  шығарады. Өйткені, балқаштықтар білімдерін жетілдіру  үстінде.

Асқар Махмұтов – Орталық аурухана  директоры

«Компьютерлік  томографтың пайдасы  өте көп. Бұрын  тексеріс  үшін басқа  қалаға бару керек болса, енді  науқастарды өзімізде тексереміз.Соның  арқасында нейрохирургиялық  оталар  көбейді. Барлығы  жақсы  аяқталды.Және   екі  жүкті  әйелдің қан қысым жүйесіндегі  ауруды тез анықтап,  облысқа  жібердік.  Аман алып қалдық».

Сонымен қатар  биыл  аурухана бұдан өзге  жаңа  аппаратпен толығатын болды. Ақпан айында магнитті-резонансты  томография  кабинеті  ашылмақ.  Бүгінде  құрылғы   орнатылып,  бөлменің  реттеу  жұмыстары жалғасуда.

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *