Балқаш көлінде мұз жарылып 3 балықшы қалып қойды

Мұз үстінде қалып қойған балқаштықтар құтқарылды. Мамандар 3 балықшыны 40 минут іздеп, аман-есен жағаға жеткізді. Кеше 29,32 және 43 жастағы үш тұрғын «Ақ тас» аймағына жаяу балыққа шыққан. Өздерімен бірге тек қармақтарын алған. Алайда, шамамен сағат 4-те отырған мұздары жарылып, аралары 400 метрге дейін ашылып кеткен. Және желдің күшімен Ботсадқа қарай кетіп қалған.Ал оны өздері туысқандарына хабарлап, жақындары мамандарды шақырған. Екі құтқарушы «Хивус» қайығымен жолға шығып, 40 минуттан соң балықшыларды тапты. Аман –есен үйлеріне жеткізді.

Александр Касьянов-Судан құтқару бөлімшесінің аға құтқарушысы:«Балықшыларды 40 минут іздеп, таптық. Дала қараңғы оған қоса көлдің мұздары жарылып жатты. Сол кедергі келтірді. Бірақ, тұрғындардың денсаулықтары жақсы. Үсіп қалмапты ».

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *