Балқашта жол ақысының қымбаттайтын нақты күні белгілі болды

Балқашта 29 шілдеден бастап жол ақысы қымбаттайды. Қоғамдық көлікте жүру құны бекітілген құжат облыстық әділет департаментінің тіркеуінен өтті. Бұл мәселені жыл басында көтерген тасымалдаушылар, енді заңды түрде билет бағасын көтере алады. Соған сәйкес, шілде айының 20-нан бастап қала ішінде қоғамдық көлікпен жүру құны 60 теңге болмақ. Қоңырат мөлтек ауданына бару үшін де осындай теңге төлейсіз. Ал Шашубай кентіне жету 70 теңгені құрайды. Рембаза, Ақ тас аймағына қатынайтын саяжайшылар болса, 80 теңге төлеп барады. Оқушыларға бұрынғыша 50 пайыздық жеңілдік қарастырылған.

Алексей Дылгин-«Орталық Транс Сервис» ЖШС бас инженері
«Жол ақысы қалада соңғы рет 2014 жылы 30 теңгеден 40 теңгеге көтерілген болатын. Қазіргі тариф біздің шығынымызды жаппайды. Себебі құрал жабдық құны, коммуналдық төлемдер, тіпті дизель отынына дейін күн санап қымбаттауда».

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *