Балқашта желкенді қайық спортын жандандырады

Балқашта желкенді қайық клубын және су станциясын қайта қалпына келтіреді. Келер жылы бұл нысандарды мемлекеттік бағдарлама бойынша жеке-меншік қолға өткізу жоспарлануда. Мұндай келісім Балқашта бірінші рет жасалмақ. Жаңа саладан ақша табуды көздегендер алдымен байқаудан өтуі тиіс. Кейін мемлекет пен кәсіпкер серіктестік туралы келісім-шартқа отырады. Оның мерзімі 3 жылдан 30 жылға дейін болуы мүмкін. Нәтижесінде бизнес иесі Үкіметтің қаржылай қолдауына ие болады. Желкенді қайық спортын жандандыру балқаштық кәсіпкерлердің бастамасы болған. Қазір бұл істі қолға алуға ниет білдірген кандидаттар да табылған. Сондай-ақ Сабитова м\а бұрыңғы балабақша орнына қайтадан жаңасын салу көзделіп отыр.

Зәуре Шлыкова – экономика және қаржы бөлімінің жетекшісі
«Егер бұрындары мемлекет иелігіндегі өндіріс орындары жеке қолға өтетін. Енді жаңа заңға сәйкес барлық саланы меншіктендіру көзделген. Алайда, нысандар жеке қолға өтсе де мемлекеттің бақылауында болады».

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *