Балқашта тіс дәрігері мамандығы ашылды

Балқаштағы жалғыз медициналық оқу орнында жаңа мамандық ашылды. Енді балқаштық жастар тіс дәрігері кәсібін меңгере алады. 9 сыныпты тәмамдағандар 3 жыл оқыса, 11 бітіріп түскендер 2 жыл білім алады.

Нияз Сағындықов бала кезден бастап тіс дәрігері болуды қалаған. Мектеп бітіргеннен кейін Қарағандыға барып стоматология мамандығын оқуды жоспарлапты. Енді оған үйден ұзап, алысқа шығудың қажеті жоқ. Қалаған кәсібін туған қаласында-ақ меңгере алады.

Нияз Сағындықов-медицниалық колледж студенті
«Мен кішкентай жасымнан тіс дәрігеріне баратынмын. Тісімді емдеп, жұлдырып. Содан бастап бұл мамандық маған ұнады. Осы мамандықтың қалада ашылғанына қуаныштымын. Өз қаламызда тіс дәрігері мамандығын оқып шығамыз».

Колледж ұжымы стоматология факультетін ашуды былтыр жоспарлаған. Содан сәуір айында лицензияға ие болыпты. Қазір мұнда 10-ға жуық студент оқуда. Ал оларға тиісті білім беру үшін білім беру мекемесі Балқаш стоматологиямен келісімге отырған. Онда болашақ тіс дәрігерлері тәжірибеден өтеді.

Рузия Байсейітова-тәжірибе бөлімінің меңгерушісі
«Оқу орны кабинеттерді стандартқа сай жасап, стоматолгияға қажетті оқулықтар мен құрал-жабдықтар сатып алған. Соның бірі мына стоматологиялық крсело. Құның 800 мыңнан асады. Енді мұнда болашақ дәрігерлер тіс ауруларын зерттеп, емдеуді үйренеді».

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Контент защищен!