Балқашта тағы бір махаббат символын бейнелейтін ескерткіш орнатылды

Қаламыз тағы бір ескерткішпен толықты. Жаңа жәдігер мәдениет сарайының алаңына қойылды. Ол бұған дейін орнатылған ғашықтар мүсініне қарама-қарсы екінші жағында орналасқан. Махаббат симфониясын білдіретін ескеркіште ат үстінде отырған ұлттық нақышта киінген қыз бен жігіт бейнеленген. Биіктігі — 4 метр. Бетоннан жасалған. Енді неке қиюға келген жас жұбайлар қалаған символға барып суретке түсе алады. Аталмыш нысан балқаштық екі кәсіпкердің мерейтойға арнаған сыйы. Құны — 4 млн. 200 мың теңге тұрады. Ескеркіш авторы — Балқаш қаласының құрметті тұрғыны, суретші Өміркелді Әбеуов.

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *