Балқашта төрт бірдей көлік соқтығысты

Ағыбай батыр көшесінде бірден төрт тұлпар соқтығысып, жол көлік оқиғасы орын алды. Иномаркалар төмен қарай Ленин көшесіне түсіп бара жатып, бағдаршамда бір-біріне соғылды. Осы сәтте бағдаршамда ұзын кептеліс болған. Тізбектеліп тұрған көліктердің соңына Mazda жүйіткіп келіп тоқтаған. Соның салдарынан алдындағы үш көлік зардап шекті. Тек Джипке ғана түк болған жоқ. Енді өз кінәсін сезінген Mazda жүргізушісі өз көлігімен бірге алдындағы екі иномарканы жөндейтін болады. Шығын көлемі шамамен 200 мың теңге.

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

code