Балқашта тұңғыш Президент күні 9 бала дүниеге келді

Балқашта тұңғыш Президент күні 9 бала дүниеге келді. Қала әкімі Александр Аглиулин бүлдіршіндерді арнайы барып құттықтап, жұмсақ ойыншық пен аналарына гүл табыс етті. 1 желтоқсан күні туылғандардың 6-уы қыз бала , 3-уі ұл. Ең бірінші болып, түнгі сағат 3-те салмағы үш келі ер бала өмірге келді. Ал ең кішкентайы салмағы екі келіден сәл асатын қыз бала.

Баян Мұратова: «Елбасы күні баламның өмірге келгеніне өте қуаныштымын. Әрі қасиетті жұма күні туғаннан кейін, ұлымыздың атын Дінмұхаммед деп қойдық». 

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Контент защищен!