Балқаштың кейбір көшелерінде суық су болмайды

8 желтоқсан күні жарты қалада суық су болмайды. Коммуналшылар тозығы жеткен магистарль желісін ауыстырмақ. Естеріңізде болса, қараша айының басында орталық алаң маңындағы құбыр жарылып, қаланың орталық көшелерін су алып кеткен еді. Апаттың салдарынан шаһардағы бірнеше көше ауыз сусыз қалды. Енді бұл жағдай қайталанбас үшін Балқаш Су мекемесі ескірген магистарль желісін жаңаламақ. Жұмыстар таңертең басталып, кешке дейін созылады. Соған байланысты Ағыбай батыр, Бәйсеитова, Уәлиханов, Мир, Қадыржанов, Иванов, Амангелді, ағайынды Мусиндер көшелерінде және 90 орам мен Русаков, Сәтпаев пен 10 мөлтек аудандарында, Шашубай кентінде таңғы 8 ден кешкі 6 ға дейін суық болмайды.

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Контент защищен!