Балқашта 3 күнде 60-қа жуық тұрғынға айыппұл салынды

Тыйым салынғанымен тыйылар емес. Балқаштық жергілікті полиция қызметкерлері әкімшілік тәртіпті бұзатын адамдарға қарсы тағы рейд жұмыстарын жүргізді. «Нөлдік төзімділік» атты үш күндік акция аясында 61 тұрғынға хаттама толтырылды.Оның ішінде шөлмек ұстап, ащы суға сілтие тойып алған 18 адам ұсталды. Олардың әрқайсысы 23 мың теңгеден айыппұл төледі. Енді тағы құрықталса қамауға алынады. Сонымен қатар, темекі тұқылын тастаған, шемішке шаққан 9 азамат жауапқа тартылды. Осындай ұсақ бұзақылық жасағандар 11500 теңгелерінен қағылды. Бұдан өзге түннің қақ ортасында бейберекет жүрген 2 баланың ата-анасына ескерту айтылды. Және де тексерістің нәтижесінде пәтерде жанжал жасап, қоғамдық тыныштықты бұзғандар да кездесті.

 Абылай Акашев- жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы
«Әкімшілік  хаттамалар  көбінесе  орта   жастағы адамдарға толтырылды. Шамамен 21-30 жас аралығында.Олардың көбісі    қоғамдық  жерде  темекі  қалдықтарын тастап,  қоқыстарды шашқан».

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Контент защищен!