Балқашта маска киген жігіттер дүкен мен дәріхананы тонап кетті

Сатушылардың құлақтарына алтын сырға! Қаламызда тонау мен қарақшылық фактілері көбейіп кетті.Беттеріне маска,қолдарына қолғап киген білгісіз біреулер ақшаны жымқыруды әдетке айналдырып барады.Мәселен,желтоқсан айында осындай екі оқиға тіркелді. Бірінде беттерін жауып алған екі жігіт Бөкейханов көшесіндегі дәріханаға шабуыл жасады. Терезені сындырып кассада тұрған 111 мың теңгені қолды қылды. Ал екінші тонау Молдағұлова көшесіндегі дүкенде орын алды. Азық-түлік сататын сатушыға екі азамат келіп, қорқытып бар жинаған 100 мың теңгесін алып кетті. Екі жағдай кешкі сағат 8-де болды. Бірақ, бетперде кигендердің ешқайсысы әлі ұсталмады. Айта кетейік, бүгінгі күнге дейін 18 қарақшылық пен 1 тонау фактісі есепке алынды.

Ержан Разиев- Жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары
«Аталған қылмыстар кешкі сағат 6 мен 11 аралығында болып жатыр. Сол себепті сауда-саттық орталықтарының басшыларына және кәсіпкерлерге айтарым кешкі кезде сауда сауда-саттық орталықтарында сауданы терезе арқылы жасауды және де күзетпен қамтамасыз етуге сұрамыз».

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *