Балқашта канализациялық коллектор жарылды

Балқаштықтар арасында канализациялық коллектор жарылды, сол себепті суық су болмайды деген смс хабар таралуда. Хабарламаның шындығын дәлелдегендей, бүгін таңертең ауыз су тоқтатылды. Осыған байланысты біздің тілшілер, мәселенің ақ-қарасын анықтап, істің мән-жайын білуге тырысты.

Бүгін таңертең балқаштықтар су болмайды деген смс хабар ала бастаған. Хабарламада оның себебі канализациялық коллектордың жарылуымен түсіндіріледі. Деседе, бұл хабар шындыққа айналды. Таңғы 10-нан бастап түске дейін қаланың кей аудандарында ауыз су болған жоқ.

Канализациялық коллектордың жарылғаны да рас болып шықты. Кеше кешкілік Спицын көшесінің бойындағы кәріз құбыры тесіліп қалған. Оған себеп тура осы маңда жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары. 10 м\а қарай жаңа канализациялық желі тартып жатқан мердігер компания кеше жарылыс жұмыстарын жүргізген. Соның әсерінен тозығы жеткен коллектор жарылған.

Арам Хачатрян-«Балқаш трубо монтаж» ЖШС директоры
«Жарылыс жұмыстарын жүргізуге тура келді. Өйткені жаңа құбырларды салу үшін 10 метр жер қазуымыз керек. Кейде тастар кездесіп, ол мүмкін болмай жатады. Кеше кешкісін жарылыс кезінде ескі құбырға зақым келді. Қазір апаттың салдарын жою үшін Балқаш су мамандарымен бірігіп жұмыс жасаудамыз».

Балқаш су мамандары кешеден бастап, ақау шыққан жерді жамауға кірісті. Ол үшін көл жағасындағы канализациялық насосты станцияны уақытша тоқтатуға тура келген. Ал қаладан келетін лас су станциядағы резервурларды толтырмас үшін таңертең кей аудандарда ауыз су беру шектелді. Тіршілік көзі тек түстен кейін ғана пайда болды.

Талғат Ежебаев-Балқаш су КМК директор м.а
«Түске дейін суық су авариясын жасадық. Бәрі режимде жұмыс істеп жатыр. Қатты авариялар болса халыққа өзіміз хабарлаймыз. Алаңдайтын ештеңе жоқ.

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

code