Балқашта көше ортасында  оқ  жаудырған тұрғын ұсталды

Балқашта полиция  қызметкерлері   көше ортасында  оқ  жаудырған  азаматты ұстады. 43 жастағы  тұрғын  көлікпен  түн  ортасында ауаға бірнеше рет оқ атып,  елді    дүрліктірген.

Оқиға Русаков  мөлтек ауданында  түнгі сағат 23:00 кезінде  орын алды. Mercedes көлігін  тізгіндеген  азамат  ауаға  оқ жаудырып, көршілердің  зәресін қашырған. Алайда, бұзақылық жасаған  азаматты  полиция  қызметкерлері   араға  10 минут  салып, 21 орамнан ұсталды.  Қолындағы   қаруы тәркіленді.

 Мади Әбішев- қалалық прокуратураның прокурор

» Бұл   оқиға  бойынша  Мерседес  автокөлігі , азиаттық азамат ұсталды.Қазіргі уақытта  тергеу  амалдары  жүргізілуде. Зардап шеккендер жоқ». 

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

code