Балқашта көл үстіне шығуға тыйым салынды

Балқашта көл үстіне шығуға тыйым салынды. Қазір мұз енді қата бастаған сәт. Сондықтанда өте қауіпті. Бір адамның салмағын көтеру үшін мұздың қалыңдығы 7 см дейін жетуі тиіс. Ал бір топ адам үшін 15 см асуы керек. Көлікпен көл бетіне мүлдем шығуға болмайды. Алайда ескертуге құлақ аспайтындар аз емес. Сондықтан төтенше жағдайлар қызметі мен транспорт инспекциясы бірігіп арнайы рейд өткізбек. Тексеріс кезінде ұсталғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.

Дархан Қуанбаев-судан құтқару бөлімшесінің басшысы
«2016 жылы қыс мезгілінде, 3 адам суға батты. Олар Ақтоғай ауданында көлікпен кеткен. Тағы 2 адам Алматы облысында суға кетті. Үшеуіде  Балқаш қаласының тұрғындары.  Және де айта кетерім, жағалауда, шөптің жанында, қамыстың жанында мұздың қалыңдығы әрқашан жұқа болады».

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Контент защищен!