Балқашта күн сайын 60 пәтер жарықтан ажыратылады

отключат подсветку

Балқашта күн сайын 60 пәтер тоқтан ажыратылады. Қаланы жарық көзімен қамтамасыз етіп отырған «Қазэнергоцентр» 2000 теңге және одан көп қарызы бар тұрғындарға осындай шара қолдануда. Яғни бұрынғыдай кешіріммен қарау болмайды. Ақыны уақытында төлемесең, онда алдымен 30 күн ішінде борыштан құтылу керектігін еске салатын хабарландыру жіберіледі. Көрсетілген мерзім өткеннен кейін, тоқты қиып, үстіңізден сотқа арызданады. Электр энергиясын қайта қосу үшін, қарызды толығымен не болмаса жартысын төлеу қажет.Оған қоса көрсетілген қызмет үшін 1000 теңге жұмсайсыз. Ал егер жер үйде тұратын болсаңыз 12 мың теңге. Қазір Балқашта 26 мың абоненттің тең жартысы Қазэнергоцентр мекемесіне қарыз. Оның 10 пайызының борышы 60 млн теңгені құрап отыр. Айта кетейік, енді КСК қызметкерлері де тоқтан ажыратуға құқылы.

Азамат Каржанов – «Қазэнергоцентр» ЖШС коммерциялық-диспетчер қызметінің басшысы
«Қарызы бар тұрғындарды тоқтан жарытапы қана қоймай, оларды сотқа береміз. Ал жекеменшік сот орындаушылар өз қызметі үшін 25 пайыз ақы алады. Сол себепті тұрғындар әрбір айдың 25- не дейін өз борышынан құтылу керек».

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *