Балқашта ең үздік жас отбасыны таңдайды

Балқашта ең үздік жас отбасы байқауы жарияланды. Биыл бұл шара осымен бесінші рет ұйымдастырылып отыр. Алдыңғы жылдары қатысушылар өз өнерлерін ортаға салып, таланттарын көрсетсе, бұл жолы спорттық ойындарда бақтарын сынайды. Ал жарыстың талабы бойынша, ең үздік деген атауға жасы 29-дан аспаған жұбайлар қатыса алады. Сондай-ақ отбасында 4 жастан 7 жасқа дейінгі балалар болуы тиіс. Ал өтінішті 18 қыркүйекке дейін мәдениет сарайында орналасқан жастар бастамашылдығы орталығына апарып өткізу керек. Сайыс 20 қыркүйек күні, сағат 11:00-де Мысшылар стадионында өтеді.

Мадина Базылова-жастар ресурстық орталығының маманы: «Қатысу бойыншаөтінімді  жастар ресурстық орталығына, жеке куәлікпен және баллалардың туу туралы куәлігімен бірге өткізе алады. Жеңімпаздарды бағалы сыйлықтар мен әкімнің грамотасы күтеді».

«Жас отбасы-2017» сайысының талабы

• ресми тіркелген некедегі жұбайлар
• ерлі-зайыптылардың жасы 29-дан аспаған
• 4 пен 7 жасқа дейінгі бір немесе одан көп бала
Сайысқа қатысуға өтініш беру
• 18 қыркүйекке дейін
• Электронды мекен-жай: cmi_b11@mail.ru

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *