Балқашта 3 жасар баланы көлік қағып кетті

Ағыбай батыр көшесінде 3 жасар баланы көлік қағып кетті. Жүргізуші тежегішті басып үлгермей қалғандықтан бүлдіршін зардап шекті.Алдын-ала болжам бойынша, кешкітұғырым уақытта зардап шеккен бала анасы және 5 жастағы әпкесімен келе жатқан. Анасының назары ауып кеткенде, жолға жүгіріп шыққан.Ал оны көрген «Фольксваген» жүргізушісі тежегішті басып үлгермей, бүйірден қаққан. Бірақ, баланы көлік иесі бірден аурухана апарды. Және бүлдіршіннің беті сырылып, ішіне зақым келіп, бас миы шайқалғаны белгілі болды. Тағы бір анықталған жайт, сол кезде баланың 29 жастағы анасы мас күйінде болған. Ол наркологиялық диспансерге барғаннан кейін ғана баласын есіне түсірген.

 Алмас Қалиашев- жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы:«Қазір зардап шеккен бала орталық ауруханада ем қабылдап жатыр. Жол көлік оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғалды.Сараптама жұмыстары жүргізілуде».

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Контент защищен!