Балқашта 23 метрлік стела құрылысының аяқталуына аз қалды. Видео

Балқаштың 80 жылдық меретойы қарсаңында ені 2,5 метр, биіктігі 23 метрлік стела бой көтерді. Бүгін үш бөліктен тұратын мәдени нысанды құрастыру жұмыстары басталды. Ол үшін жобаның авторлары да келді.

Бұл пирамида тектес мұнараның астыңғысы, негізгі бөлігі. Қабырғалары бетоннан жасалған. Биіктігі 3,5 метрді құрайды. Оның үш бөлігінде қаланың , елдің тарихы суреттелген. Стелада соғыс жылдарын, қаланың даму үрдісін, негізгі нышандары балық пен мысшы шынайы кейіпте бейнеленген.

 Қаныш Балабеков- жобаның авторы
«Балқаштың байлығын көрсетеді.Балық, осы өңірдің байлығы ретінде.Екінші көрініс жалпы 80 жылдыққа байланысты 1937 жылы ашылғандығын бейнеленген 37 санын құйып жатқан металлургтер бейнесі.0809Алдыңғы көріністе мыс балқыту зауытының ең басты нысан алдында өзі арнайы мыс балқыту цехінің литогы бар. Сол литоктан құйылып тұрған металл, мыс». 

Үш қырлы ескерткіштің екінші бөлшегі ыстық пен суыққа төзімді, дат баспайтын болат темірден құрыстырылған. Ұзындығы 17 метрге созылған бөлігі қазақтың ою-өрнектерімен әсемделген.

Ал мерейтойлық стеланың ұшар басына Балқаштың эмблемасы қойылды. Ол жеңіл, әрі қауіпсіз болуы үшін шыны талшық метериалмен жасалған. Оны көзтартарлықтай етіп жасап-бояуға авторлар 1,5 ай уақыт жұмсапты.

Жанат Қамытов- жобаның авторы
«Негізгі нышанды жасауға көп уақыт кетті. Себебі, ол тиянақтылық пен ұқыптылықты қажет етеді. Әрбір бөлігін бояп, кем дегенде 10 сағаттан кептіріп отырдық. Артынан бояулар ұшып кетпес үшін арнайы сұйықтық жақтық». 

Мәдениет сарайының артындағы саябаққа тұрғызылған стеланың биікті — 23 метр, ені 2,5 метрді құрайды. Авторлары — Қазақстан суретшілер одағының екі мүшесі. Құны — 25 млн. теңге. Ал салтанатты ашылуы 16 қыркүйекке, яғни қала күніне жоспарлануда.

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

code