Балқашта 20 отбасы балаларын мектепке дайындай алмай отыр

Шаһарымызда республикалық «мектепке жол» акциясы жалғасын табуда. Қаладағы білім бөліміне баласына киім-кешек пен құрал жабдық әперуге жағдайы жоқ 20-дан аса ата-ана жүгінген. Көбісі көп балалы аналар және мүмкіндігі шектеулі жандар. Шара аясында бірінші кезекте осындай отбасы бүлдіршіндеріне көмек көрсетіледі. Қол ұшын созуға қала тұрғындары да атсалыса алады. Білім бөлімінде балқаштықтардан оқуға керекті заттарды қабылдайтын 11 кабинет жұмыс істейді. Онда үйдегі қалған-құтқан киімдерді, құрал-жабдықтарды әкеліп өткізуге болады. Былтыр 1200-ге жуық бала демеушілердің арқасында жаңа оқу жылына дайындалған. Ол үшін 4 млн 330 мың теңге жұмсалыпты. Сондықтанда мамандар биыл да кәсіпкерлер мен түрлі коммерциялық ұйымдар көмектессе екен дейді.

Ольга Садвокасова-қалалық білім бөлімінің бас маманы
«Қазір қаламызда 1000-нан аса бала көмекке мұқтаж. Оларды мектепке дайындау үшін қала тұрғындары мен кәсіпкерлер көмектессе дейміз. Керек емес, жарамды киім-кешектер, құрал-жабдықтар болса оны бізге әкеліп өткізіңіздер. Ол үшін арнайы кабинет жұмыс істейді.

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *