Балқашта 15 дүкен иесіне алкоголь сатуға тыйым салды

Балқашта 15 дүкен иесіне 5 млн астам айыппұл салынады. Олар алкагольдік өнім сатуға рұқсат беретін лицензиялық төлемді өтемеген. Ал оның мерзімі 20 шілде де аяқталды. Қазір салықшылар міндетінен құтылмаған кәсіпкерлерді әкімшілік жазаға тарту үшін оларға қатысты хаттама толтыруды бастаған. Әзірге тек 3 саудагерге айыппұл салып үлгеріпті. Оның сомасы өте қомақты яғни әр қайсы үшін 340 мың теңге. Қалған 12 дүкен иесі де осындай жаза қолданылады. Жалпы алғанда міндетті төлемнен дер кезінде құтылмағандардан бюджетке 5 млн астам қаржы түспек. Айта кетейік, лицензиялық төлемнің сомасы бөлшек саудамен айналысушылар үшін 227 мың, ал көтерме саудамен айналысатын кәсіпкерлер үшін 454 мың теңге.

Бағдат Батырбеков-Жанама салық бөлімінің жетекші маманы
«Салынған айыппұл сомасы 40 күн ішінде төленуге тиісті. Төленбеген жағдайда өндіріп алу жқмыстары салық кодексіне сәйкес жүргізіледі. 02:24 Және де бір айдан 6 айға дейін лицензия күші тоқтатылады».

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *