Балқашта өрттен 44 жастағы тұрғын қайтыс болды

Өрт кезінде Балқаш тұрғыны көз жұмды. 44 жастағы ер адам ауруханаға барар жолда жан тапсырды.Оқыс оқиға өткен сенбіде 17 мөлтек ауданында болды. Түнгі бірлердің шамасында 4 қабаттағы пәтерлердің бірінен түтін шыға бастаған. Иісті сезген көршілер бірден өрт сөндірушілерді шақыртыпты. Оқиға орнына жеткен құтақарушылар жоғары және төменгі қабаттағы тұрғындардың барлығын оятып, далаға шығарған. Ал өрт екі бөлмелі пәтердің төргі бөлмесінен шыққан екен. Үй иесі сонда ұйықтап жатыпты. Нәтижесінде 44 жастағы ер адам түтіннің исіне уланып қалған. Оның үстіне денесін күйік шалған. Өкінішке орай өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Ол ауруханаға барар жолда көз жұмды.

Исламбек Кәрібеков – ТЖБ мемлекеттік өртті бақылау бөлімінің бас инженері
«30 желтоқсан күні сағат 00:30 45 өрт сөндіру бөлімінің байланыфс бөліміне Спицын көшесі 1 үйден терезеден түтін шығу туралы хабар келіп түсті. Өрттің себебі отты абайсыз қолдану. Яғни үйде темекі тарту болып табылады».

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *