Балқашта қоқыс таситын көлік өртенді. Видео

Балқашта қоқыс таситын көліктен өрт шықты. Оқыс оқиға Сейфуллин көшесінде болды. Жүргізушінің айтуынша олар Ленин көшесіндегі 16 үйдің маңындағы қоқыс жәшіктерін тазалаған. Содан екінші нүктеге жол тартқанда көліктің артынан түтін шыққанын байқайды. Анықталғандай жүк көлігіне тиелген ескі жиһаз бен қораптан қызыл жалын тұтанған. Абырой болғандай, тек қоқыс қана өртке оранды. Балқаш Универсал мекемесінің қызметкерлері дін аман. Ал көлікке айтарлықтай зақым келмеген.

 

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *