Балқашта қала әкімінің шыршасы өтті

Шырша маңындағы шырайлы кеш! Бүгін мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған қала әкімінің жаңа жылдық мерекесі ұйымдастырылды.Оған 6 мен 14 жас аралығындағы балақайлар қатысты.146 бала оқушылар сарайында бой көтерген жасыл шырша маңында би билеп, көңілдерін көтерді. Анимациялық кейіпкерлердің қатысуымен қойылған көріністі тамашалады. Ертегі әлемінің қуыршақтарымен бірге әсем шыршаны айналды. Аяз ата мен Ақша қарға тақпақтарын айтып,қызықты ойындарға қатысты. Кеш соңында суретке түсіп, тәтті сыйлықтарға ие болды. Айта өтейік, бүгінгі күні қала бойынша 16 жасқа дейінгі 224 мүмкіндігі шектеулі бала бар. Және мейрам қарсаңында әрбірінің есеп-шотына 3000 мың теңгеден аударылды.

Аяулым Әбіш- №5 мектептің оқушысы
«Мен осы жаңа жылда Аяз атаны және Ақшақарды көрдім.Аяз ата мен Ақшақар әдемі көйлектерімен бізбен ойнады.Олармен ойнаған қызықты болды».

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *