Балқаш жылу электр станциясына 80 жыл

Биыл Балқаш жылу электр станциясына 80 жыл. 1937 жылы Балқаш қала атағына ие болғанда, жылу орталығы өз жұмысын бастады. Содан бері тұрғандарды үздіксіз жылумен қамтамасыз етіп келеді.Бұрын онда тек екі қазандық жұмыс істесе, қазір 6-уы бірмезетте іске қосылады.

1936 жылы Балқаш жылу электр станциясының жұмысы басталды.Ол кезде екі қазандық пен екі трубина орнатылды.Араға бір жыл салып толығымен іске қосылды.Және тағы екі жылдан кейін бір қазандықпен толықты.Алғашқы жылдары станцияның қуаттылығы 50 мегаваттқа дейін жетті.

Александр Загурский – қазандық цехтың басшы орынбасары
«Қазіргі күні бұл қазандықтар жұмыс істемейді.Қажеттілігі болмай тұр. Бір жағынан тиімсіз. Өйткені, көмірді көп қажет етеді. Буды аз шығарады. Бірақ,оған қарамастан қорда ұстап отырмыз. Керек болса қосамыз».

Ал сол кезде трубиналы генераторлардың жұмысын басқару қалқаны осындай болды. Әрбірінде бір-бір адам көз майын тауысып отыратұғын. Әрине, қазіргі жұмысты басқару әлдеқайда жеңіл. Бір қызметкер бірнеше генератордың процессін бір мезетте компьютер арқылы қадағалап отырады. Автоматты бағдарламаға қосылған. Бүгінде станция 145 мегаватт электроэнергияны өндіріп отыр. Ал келер жылдары 200-ге дейін ұлғайтуға қауқарлы.

Валерий Истомин- Қалалық жылу электр станциясының директоры
«№2 турбиналы генератордың жұмысы 40 мегаватқа дейін көбейді. Станцияның жұмысы тұрақтанды. Қазір № 5 қазандыққа жөндеу жұмыстарын жасап жатырмыз. Балқаш қаласын толығымен жылумен қамтамасыз етіп отырмыз».

Жалпы, 80 жылдық тарихы бар кәсіпорында 6 қазандық пен 4 генератор бар. Онда күндіз –түні 10 цех жұмыс істеп, 600-ден астам жұмысшы қызмет атқаруда.

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Контент защищен!