Балқаш жаңалықтары 9 қаңтар 2018

Қоңырат мөлтек ауданын тұратын оқушылардың сабаққа баруы азапқа айналды. Күн шықпай сабаққа баратын және күн батқанда оқудан қайтатын балалар қараңғы жерлермен жүруге мәжбүр.

Көмек керек. 4 жастағы Ислам Тұрсынның көзіне ота жасауға қаржы қажет. Бүлдіршін туғаннан көз жанарынан айырылған. Осы уақытқа дейін, 3 рет операция жасалыпты. Нәтижесіне баланың көру қабылеті 8 пайызға жақсарған. Деседе, енді тағы бір ота қажет.

Қаламызда ашылған компьютерлік томография балқаштықтарға септігін тигізуде.10 ай бұрын іске қосылған ультра заманауи аппараттан 900 науқас тексерістен өтті. Нәтижесінде 25 тұрғынның бас миына дер кезінде ота жасалды.

Балқашты туристік қалаға айналдыру керек. Шағын және орта бизнесті дамытып, ауыл шаруашылығын өрбіту қажет.Өйткені тоғыз жолдың торабында орналасқан шаһардың мүмкіндігі жоғары. Осындай ұсынысты қалаға келген Қазақстан Парламент Мәжілісінің депутаты Нұрлан Дулатбеков айтты.

Коммуналшылар халық алдында есеп бермек. 22 мен 26 қаңтар аралығында Балқаш Су, Су Жылу Транс және Балқаш Энерго мекемелерінің жетекшілері тұрғындармен кездеседі. Елдің көкейінде жүрген сұрақтарға жауап береді.

Осы жексенбіде православ дінінің өкілдері Рождество мерекесін тойлады. Бұл мейрам Иисус Христостың Вифлеемде дүниеге келуі құрметіне орай аталып өтіледі.

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *