Балқаш жаңалықтары 8 қаңтар 2018

Уалиханов көшесіндегі 8 — үйдің тұрғындары сасық иіске тұншығып отыр. Себебі үшінші қабатағы пәтер иесі қоқыстағы қалдық заттарды үйіне жинауды әдетке айналдырған.

Балқашта күн сайын 60 пәтер тоқтан ажыратылады. Қаланы жарық көзімен қамтамасыз етіп отырған «Қазэнергоцентр» 2000 және одан көп қарызы бар тұрғындарға осындай шара қолдануда.

Синоптиктер осы аптада ауа райы біраз жылиды деп отыр. Қаңтар айының 9 мен 12 күні аралығында Қарағанды облысы бойынша қар жауып, термометр бағанасы 0 градусқа түспек.

Қараменде би көшесінің тұрғындары рождество мерекесін есік алдында тойлады.Көрші-қолаң өз күштерімен ауланы безендіріп, талдарға жылтырақ ленталарды ілді.

Демалыс күні еліміздегі барлық православ христиандары дәстүрлі Рождество мейрамын атап өтті. Айтулы шара негізінде балқаштағы Әулие-Никольский шіркеуінде діни рәсімдер ұйымдастырылды.

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *