Балқаш жаңалықтары 6 желтоқсан

8 желтоқсан яғни жұма күні жарты қалада суық су болмайды. Коммуналшылар тозығы жеткен магистарль желісін ауыстырмақ. Естеріңізде болса, қараша айының басында орталық алаң маңындағы құбыр жарылып, қаланың орталық көшелерін су алып кеткен еді. Апаттың салдарынан шаһардағы бірнеше көше ауыз сусыз қалды. Енді бұл жағдай қайталанбас үшін Балқаш Су мекемесі ескірген магистарль желісін жаңаламақ. Жұмыстар таңертең басталып, кешке дейін созылады.

Бүгін қазақстандық прокурорлар өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтті. 1991 жылы 6 желтоқсанда елімізде қадағалаушы орган құрылған. Ал Балқаштағы құзырлы орган қашан құрылды, жұмыстарын қандай ғимаратта бастады?Толығырақ келесі сюжетте.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірлік бюросы қазақстандықтар арасында сараптама жұмыстарын жүргізді. Мамандардың айтуынша, еліміздің 800 000 адамы депрессияға шалдыққан. Яғни, ылғи ашушаң болып жүреді дейді. Және 2020жылы бұл дерт барлық аурулардың басып озып, әлем бойынша көш басында тұрады деп болжап отыр. Ал жалпы, депрессия деген нені білдіреді?Одан қалай арылуға болады?Тұрғындардың пікірін білдк.

Балқаштық балғын халықаралық бозкілемде ел намысын қорғады. Елдос Құрметжанов Ресейде өткен екінші ашық турнирде чемпион атанды. Дүбірлі жарыс Ресейдің, Новосибирск қаласында өтті. Оған алыс-жақын мемлекеттерден 150-ден аса бала жиналды. Оның бірі балқаштық 16 жастағы Елдос Құрметжанов.

Бұл жарыстан өзге дзюдошылар мен кикбоксшыларда мықты екендіктерін дәлелдеді. Тұңғыш Президент күніне орай Ақтөбе қаласында өткен республикалық додада кикбоксшылар топ жарды. Шаршы алаңда бақ сынасқан 8 баланың 4-уі бірінші және екінші орын алды.

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Контент защищен!