Балқаш жаңалықтары 6 қыркүйек 2017

Оқушыларға арналған автобус қайта қатынай бастады. Айта кету керек, жаңа оқу жылы басталысымен қоғамдық көлік тиімсіз деп маршруттан алынып тасталған болатын.

Швециядан келген қонақтарға шабуыл жасаған жігіт ұсталды. Қазір 21 жастағы күдікті уақытша ұстау изоляторында отыр.

Қыркүйек айының 15-нен бастап күкірт-қышқыл цехы уақытша тоқтатылады. Кәсіпорын 20 күн бойы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Балқаштағы жалғыз медициналық оқу орнында жаңа мамандық ашылды. Енді балқаштық жастар тіс дәрігері кәсібін меңгере алады. 9 сыныпты тәмамдағандар 3 жыл оқыса, 11 бітіріп түскендер 2 жыл білім алады.

Қазақстанда күзгі әскерге шақыру басталды. Қыркүйек айынан бастап желтоқсанға дейін 2 мыңнан астам балқаштық отан алдындағы міндетін өтеуге шақырылады.

Балқаш аймағында үй жануарларын түрлі ауруларға қарсы егу аяқталды. Бұл шара сібір жарасы, қарасан, құтырма секілді аурулардың алдын-алу үшін жасалады.

Қалалық өнер мектебі өнерге құштар жандарды оқуға шақырады.Білім ордасы мың бұрала билеп, әсем әуендерді шырқап, музыкалық аспаптардың тілін меңгеремін деген балаларды қабылдауға әзір.

Әр отбасы-кіші мемлекет. Елбасының Жарлығымен осыдан төрт жыл бұрын қыркүйек айының екінші жексенбісі Отбасы күні болып бекітілген еді. Осыған орай біз балқаштықтарды сөз тартып, заманауи отбасында кім бастық екенін сұрап шықтық.Отағасы ма, әлде отанасы ма?Тұрғындар не дейді?

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *