Балқаш жаңалықтары 5 желтоқсан 2017

Балқашта 5 жасар бала кәріз құдығына құлап, мерт бола жаздады. Ол ата-анасымен серуендеп келе жатып, адам аяғы басылмаған қар үстімен жүрген. Ал оның астындағы құдық ашық болып, түсіп кеткен. Абырой болғанда, әкесі үш метрлік терең шұңқырдан ұлын аман алып шықты. Бірақ, бала ауыр жарақат алмағанымен, шошынып қалыпты.

Балқашта анасы 1 жастағы баласын үйге жалғыз қалдырып кеткен. Оның шырылдап жылаған даусын естіген көршілері, полиция қызметкерлерін шақыртыпты. Қазір бүлдіршін инфекциялық бөлімде. Ал анасы баласын тек 2 күн өткеннен кейін есіне түсірген.

Осыдан тура 39 жыл бұрын 5 желтоқсанда Балқашта «Факел» ескерткіші пайда болды. Оны бұрыңғы байыту фабрикасының орнына тұрғызған.

Балқаш тұрғыны Аргентинада өткен дүниежүзілік жарыста топ жарды. Алексей Федяев шалқалай жатып зіл темірді көтеруден әлем чемпионатының үш дүркін абсолютті чемпионы атанды.

Оқушы ер балалар арасында волейболдан өткен спортакиада ойындары аяқталды. Биыл нөмір 7 мектеп гимназиясының оқушылары чемпион атанды. Олар финалдық кездесуді 15 мектеп-лицейінің құрамасымен өткізді. Ойын тартысты басталды. Есеп бір дегенде ашылған жоқ. Дегенменде, дайындықтың арқасында 7 мектеп гимназиясы бірінші орын алды.

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Контент защищен!