Балқаш жаңалықтары 5 қыркүйек 2017

Полицейді қаққан 29 жастағы тұрғын сотталды. Құқық қорғау қызметкерінің аяғын көлікпен басып өткен жігіт 5 жылға темір торға тоғытылды.

Балқашта қоқыс таситын көліктен өрт шықты. Оқыс оқиға Сейфуллин көшесінде болды. Жүргізушінің айтуынша олар Ленин көшесіндегі 16 үйдің маңындағы қоқыс жәшіктерін тазалаған.

Балқаштүстімет өндіріс орнының аймағында көліктер соқтығысы болды. Бір жүргізушінің қателігінен бір емес 3 темір тұлпарға зақым келді.

Балқашта Язев көшесінің бойындағы ескі жарық шамдары жаңасына ауыстырылуда. Бұл істі қолға алған мердігер компания бетоннан құйылған бұрынғыларының орнына металдан жасалған заманауи бағаналарды орнатып жатыр.

Көп тілді меңгеремін дегендер үшін тиімді ұсыныс. Қалалық тілдер орталығы жаңа курсқа қабылдауды бастады. Білікті мамандар бір аптадан соң мемлекеттік және ағылшын тілін үйретуге кіріседі.

Балқашта су құстарына аңшылық жасау мерзімі ашылды. Қолына қаруын алып, қанаттыларды аулауға шығуға құмартып отырғандар қазірден бастап үйрек, қаз және қасқалдақты атып ала алады.

Балқашта желкенді қайықшылар арасында халықаралық байрақты бәсеке бастау алды. Сайысқа су көлігін серік еткен 24 спортшы қатысуда.

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *