Балқаш жаңалықтары 4 желтоқсан 2017

Жасөспірімдерге ұятсыз хабарлама жазған Балқаш тұрғыны қамауға алынды. 27 жастағы азамат жас балаларды азғырды деп айыпталуда. Өйткені , ол әлеуметтік желі арқылы оқушыларға әдепсіз ұсыныстар жасаған.

Сарсенбаев көшесінде жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті. Оқиға кешкі сағат 20:30 да көлік жөндеу орталығының маңында болды. Сол уақытта тротуар бойымен жұмысынан үйіне қайтып келе жатқан тұрғынды автокөлік келіп соғады.

Тайғақтың салдары! Ауа-райындағы өзгеріс тағы 2 жол апатына себепші болды. Спицын көшесінде фургон мен жеңіл көлік аударылып қалды.

Көлік апаты кезінде қала мүлкіне зақым келді. Рөлге ие бола алмаған жүргізушілер қоршауға және жарық бағанасына барып соғылды. Салдарынан Калмыков көшесінің тұрғындары жарықсыз қалды.

Алматы- Екатеринбург тас жолында Камаздың күл талқаны шықты. Астанаға бағыт алған жүк көлігі толығымен жанып кетті. Тек қаңыраған қаңылтыры ғана қалды. Бірақ, әутеуір жүргізуші аман.Тілсіз жау Сарышағаннан 40 шақырым ұзай бергенде таңғы сағат 6 жарымда басталған.

Биыл дәл уақытында жауған қар коммуналшылардың жұмысын көбейтті. Мамандар екі ауысымда шаһар ішін қардан тазалап, жолға құм себумен тыным таппай жүр. Мәселен, осы демалыстың бір күнінде Камазбен 625 тонна, ЗИЛ көлігімен 150 тонна қар қала сыртына шығарылды.Күн сайын көше-аулаларға құм себелді.

Балқашта биыл жастар тәжірибесінен өткен 62 жас маманның 13-і тұрақты жұмысқа қабылданды. Қалғаны жыл соңына дейін еңбекпен қамтылады. 21 жастағы Айгерім Бағдатова биыл университетті тәмамдап, есепші мамандығын алып шыққан.

Балқашта Тұңғыш Президент күні 9 сәби дүние есігін ашты. Кішкентайлардың 6-уы қыз, үшеуі ұл бала. Осындай айтулы мереке күні өмірге нәресте әкелген келіншектерді қала әкімі арнайы өзі құттықтап шықты. Александр Аглиулин аналарға ақ тілегін жеткізіп, гүл шоғы мен сыйлығын табыс етті.

Балаларға базарлық. Тұңғыш Президент күнінде қаланың кішкентай бүлдіршіндері үлкен экраннан мультфильмді тамашалады. «Үй жануарларының құпия өмірі »деп аталатын ертегі әлемінің картинасы мәдениет сарайында ел назарына ұсынылды.

Сондай-ақ осы мереке күнінде түрлі спорттан қалалық жарыстар ұйымдастырылды. Балқаштықтар шағын футбол, волейбол, васкеболдан бақтарын сынап, жеңімпаз командаларды анықтады. Ал біздің түсірілім тобы үстел теннисі мен еркін күрес сайысында болып, өзара мықтыларды анықтаған спортшылармен тілдесіп қайтты.

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Контент защищен!