Балқаш жаңалықтары 4 қаңтар 2018

1) Балқаштағы коммуналды мекеменің біріне 800 мың теңге айыппұл салынды.Және жұмыстан заңсыз шығарып жіберген маманды қайтып қызметке қабылдасын деген бұйрық шықты. Мұндай шешімді жергілікті судья жария етті.

2) Жаңа жылдан бастап еліміздің 12 өңірінде коммуналдық қызмет құны көтеріледі. Бұл тізімде Балқаш та бар. Қаңтар айында суық судың бағасы 10 теңгеге қымбаттайды.

3) Америкалық сарапшылар 2018 жылдың ең қауіпсіз көліктер моделін анықтады. Мамандар темір тұлпардың сапасын, мықтылығын, соғылу қауіпін ескеріп, жолаушылар мен балаларды қорғай алатын ерекшеліктеріне баға бере отырып тізімді жасады. Оларды «жақсы», «жарамды», «қауіпті», «нашар» деген 4 санатпен бағалады.

4) Қаңғыбас иттер мен мысықтарға қамқор болып жүрген қоғамдық бірлестікке жергілікті бюджеттен қаржы бөлінді. Сондай-ақ, тегін жер телімі беріледі. Ал еріктілер болса, ақша қолдарына тигеннен кейін жануарларды ұрықсыздандырмақ.

5) Жаңа жылдың басталғанына санаулы күн өтті. Осы уақытта әркім өткенге есеп беріп, биылғы жылға жоспар құруда. Мұны психологтар адам үшін маңызды дейді. Адамзаттың есеппен жүргені алға жылжуға мүмкіндік береді деген пікірде.

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *