Балқаш жаңалықтары 3 қаңтар 2018

Өрт кезінде Балқаш тұрғыны көз жұмды. 44 жастағы ер адам ауруханаға барар жолда жан тапсырды. Оқыс оқиға өткен сенбіде 17 мөлтек ауданында болды. Түнгі бірлердің шамасында 4 қабаттағы пәтерлердің бірінен түтін шыға бастаған. Иісті сезген көршілер бірден өрт сөндірушілерді шақыртыпты.

26 жастағы жігітті көлік қағып кетті.Жаңа жыл қарсаңында зардап шеккен тұрғын әлі ауруханада жатыр.

Қазақстандықтар осы жылдан бастап заң жобаларына енгізілген жаңа өзгерістермен өмір сүреді. Мәселен, 1 қаңтардан бастап педофилдерді химиялық кастрациялау заң күшіне еніп, жүргізушілерге салынатын айыппұл төмендейді.

Жаңа жылдан бастап ағылшын тілін үйренемін деушілерге жақсы мүмкіндік. Тілдер орталығы шет тілін меңгергісі келетін қала тұрғындарын тегін оқытуға әзір. Қазір курсқа қабылдау жүргізілуде.

Балқашта жаңа жыл жаңа өзгерістермен басталды. Мәдениет сарайының артындағы саябақ жаңа компазициямен толықты. Орталықтың сол жағына латын әріптерімен жазылған «Балқаш» сөзі орнатылды. Оның биіктігі мен ені Қазақстан жазуындай.

Жаңа жыл түнінде Балқашта 3 нәресте дүниеге келді. Ал 1 қаңтар күні 5 сәби дүние есігін ашты. Олардың бесеуі ұл болса, қалған үшеуі қыз бала. Ішіндегі ең батыры 4 келі 900 келі болып туылған Әділбек.

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *