Балқаш жаңалықтары 17 қараша 2017


1.Балқаш көлінде 5 күн бұрын жоғалып кеткен ресейлік әскери бөлімнің қызметкері табылды.Құтқарушылар марқұмның денесін жағалаудан 110 метр қашықтағы су астынан алып шықты.

2. Балқаштың орталық көшесінде екі көлік қақтығысты. Жол көлік оқиғасы түнде Ленин мен Ағыбай батыр көшесінің қиылысында болды. Алдын ала болжам бойынша «Лексус» Ленин көшесімен зауыт жаққа қарай бағыт алған. Ал «Фольксваген Шаран» тура сол жолмен тек қарсы бағытта келе жатқан.

3. Сейфуллин көшесінің тұрғындары мемлекеттен несие алып, көпқабатты үйлерін жөндеуде. Себебі шатырдан аққан су пәтер иелерін әбден шаршатқан. Содан олар ТКШ жағырту бағдараламасының көмегіне жүгініпті.

4. Балқаштық 54 тұрғын мемлекет көмегінен қағылды. Енді олар үкіметтен тегін пәтер ала алмайды. Қалалық тұрғын үй шаруашылық бөлімі тиісті құжаттарын жаңартпаған адамдарды үй кезегінен алып тастады. Естеріңізде болса, жергілікті әкімшілік 2007-2010 жылдар аралығындағы баспанаға мұқтаж деп есепке алынған 95 тұрғынға іздеу жариялаған болатын.

5. Тұрмыстық өрттердің өршитін кезі-қыс мезгілі. Өйткені, бұл уақыттарда үй жылытатын пештер іске қосылады. Мысалы былтыр жер үйде 4 өрт оқиғасы тіркелген.

6. Балқашта түберкулез ауруын жұқтырған адамдар саны азайған. Егер өткен жылы бұл дерт 40 адамнан алғаш рет анықталса, биыл олардың қатары 22 адам. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 45 пайызға аз. Жасөспірімдер арасында да ауру көрсеткіші төмендеген.

7. Балқаш мектептерінде стоматологиялық кабинеттер пайда болды. Енді оқушылар тістерін сонда тексертіп, емдете алады. Ол үшін барлық жабдықтар мен құрылғылар сатылып алынған.

8.Қалалық әскери комиссариатта 700 азаматтың әскери билеті шаң басып жатыр. Өйткені, аталмыш құжатқа ие болған тұрғындар оны алып кетуге асығар емес. Ондағы әскери билеттер 2015 жылдан бастап жиналып қалған. 27 жастан асқан ер-жігіттерге тиесілі.

9. Біздің болашағымыз-салауатты ұрпақ. Осындай мақсатпен қалалық оқушылар сарайында жаттығу алаңы пайда болды. 19 дана спорттық тренажер оқушылар сарайының артына орналастырылды. Қазір мұнда темірлерді орнату жұмыстары аяқталып қалды.

10. Ас иесімен тәтті. Балқаш сервис колледжінде торт пісіруден сайыс өтті. Бұл жолы жас аспаздар жолда жүру ережесін тәтті арқылы көрсетіп бақтарын сынады.

11. Балқаштық бүлдіршіндер ағлышын тілінде мюзикл қойды. Бұл «литл вуд» репетиторлық орталығының алғашқы қойылымы. Онда балалар шет тілін меңгеріп қанай қоймай актерлік шеберлікті де үйренеді.

12. Қалалық №1 мектепке биыл 85 жыл толды. Шаһардағы ең алғашы, ең көне оқу орны осы датаға орай мерекелік шара ұйымдастырды. Дөңгелек үстел басында қала басшылары мен ұстаздар және білім ардагерлері бас қосты. Жиналған мектеп ұжымын мерейтоймен құттықтаған қала әкімі бірқатар оқытушыларды көп жылдық еңбегі үшін алғыс хатпен марапаттады.

 

 

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Контент защищен!