Балқаш жаңалықтары 11 қыркүйек 2017

Балқашта өз ауласында қарасора өсірген азамат сотталды. Щербаков көшесіндегі жеке үйлердің бірінде тұрған 43 жастағы ер адам есірткі дайындайтын 230 түп өсімдік өсірген.

Саяқ кенті мен Қоңырат мөлтек ауданында ыстық су мен жылуға арналған жаңа тариф енгізілді.1 қазанда жаңа жүйе күшіне енетін болады.

Балқашта бензин қымбаттады. Бір апта бұрын АИ 92нің құны кем дегенде 142 теңгеден болса, енді оның бір литрі 148-150 теңгеден сатылуда.

Жаз маусымының аяқталуына байланысты арнайы қоғамдық көлік саны азаймақ. 16 қыркүйектен бастап саяжайшылар үшін «3Б» автобус тек біреу ғана жүреді.

Күллі әлем көз тіккен ЭКСПО -2017 халықаралық көрмесі өз мәресіне жетті. «Болашақ энергия» тақырыбында үш ай бойы ақпарат таратқан шараның жабылу салтанаты дүркіреп өтті.

Жаңа қазақ әліпбиінде 25 әріп болады. Бүгін парламентте депутаттарға қолданысқа енетін латын әріптері таныстырылды.

Қалай мерейтойын тойлауға 1 апта уақыт қалды. Мерекеге орай қалада қызу дайындық. Әсіресе құрылыс қарқынды жүруде. Мамандар жөндеу жұмыстарын дер уақытында аяқтауға тырысып бағуда.

Балқаш түнде жарқырайтын әсем қалаға айналады. Қаланың 80 жылдық мерейтойына орай аллеяларға ұзындығы 8км болатын гирлянды ілінеді.

Мерейтойлық ерекше фестиваль.16 қыркүйек күні қыз-келіншектер арасында бұрын-соңды болмаған «қалыңдық шеруі» ұйымдастырылмақ.

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

code