Балқаш жаңалықтары 11 қаңтар 2018

Қатты желдің салдарынан Балқаштың бірнеше көшесі жарықсыз қалды. Түнде соққан дауылдың жылдамдығы секундына 25 метрге жетіп, Әлімжанов көшесіндегі тоқ сымдарына зақым келтірген. Нәтижесінде, шаһардың 20 пайызында электр энергиясы өшіп, сымдардан от ұшқыны шыға бастаған.

Балқаштық дәрігерлер енді тұрғындарды тексерістен өтуге смс хабарлама арқылы шақырады. Осы жылдан бастап қалада онлайн хабарлау жүйесі іске қосылды. Егер бұрындары пациентті емханаға шақыру үшін медбикелер үйге барса, бұдан былай бұл іспен арнайы бағдарлама айналысады.

Елімізде тұмаудың асқынатын кезеңі жақындап келеді. Қаңтар айының соңы мен ақпан айының басында жұқпалы дертке шалдығып, емхана жағалайтындар саны көбейеді. Ал ақшаңыз бен уақытыңызды үнемдегіңіз келсе қазірден бастап аурудың алдын алған жөн.

Балқашта ағаштарды жасарту науқаны басталды. Қазір талдар ұйқы құшағында. Сол себепті суық мезгілде орнына жаңасы шығу үшін, бұтақтары кесіледі.

Балқашта мектеп оқушылары арасында өткен қалалық олимпиаданың қорытындысы жарияланды. 52 -ші рет ұйымдастырылған шараға 17 мектептен 412 бала қатысты.9 бен 11 сынып оқушылары екі күн бойы білімдерін сынап, білгендерін ортаға салды.

Бүгін халықаралық «Рақмет» күні. Яғни, жылдың ең сыпайы әрі жылулық күні деп атауға болады. Өйткені, разылық сөзі адамдарды бір-біріне жақындастыратын магиялық қасиетке ие дейді мамандар. Ал жер бетіндегі елдердің алғыс білдіру мәдениеті қандай, қалай ерекшеленеді?

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *