Балқаш зауытының шыға берісінде 3 көлік соқтығысты. Видео

Балқаштүстімет өндіріс орнының аймағында көліктер соқтығысы болды. Бір жүргізушінің қателігінен бір емес 3 темір тұлпарға зақым келді. Оқиға желісі бойынша Ваз автокөлігі тұрақтан шығып келе жатып, Toyota-ға жол бермеген. Ал соққы алған иномарка қарсы жолға бір –ақ шыққан. Нәтижесінде, ол өз бағытымен келе жатқан Audi-ға соғылады. Алдын-ала болжам бойынша, жол көлік оқиғасына ВАЗ жүргізушісі кінәлі. Қазір сотқа дейінгі тергеу-тексеру шаралары жүргізілуде.

Тілек Кишкиндаев – жол-патрульдік полиция ротасының инспекторы
«ҚР әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 610 бабы, 1 бөлімі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл бап бойын 10 АЕК айыппұл немесе немесе көлік басқаруға 9 айға дейін шектеу қойылады».

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *