Балқаш тұрғынын көлік қағып кетті

26 жастағы жігітті көлік қағып кетті. Жаңа жыл қарсаңында зардап шеккен тұрғын әлі ауруханада жатыр. Жол көлік оқиғасы Шашубай кентіне бара жолда орын алды. Түнгі сағат 1 жарымда 26 жастағы тұрғын жолдың ортасынан өтпек болады. Бірінші бір көлікті өткізіп жіберіп, екіншісінің алдынан жүгіремін деп дөңгелектің астында қалған. «Ниссан» көлігі бүйірден соққан. Салдарынан тұрғын ауруханаға жеткізілді. Қазір траматологияда ем қабылдап жатыр. Бас миына қатты зақым келген. Енді жаяу жүргінші жазылған соң жүргізушімен бірге заң алдында жауап беретін болады.

Абылай Ақашев- жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы:«Жәбірленуші қалалық ауруханаға жеткізілді.Ол бойынша қылмыстық әс әрекеттер қазіргі таңда қаралуда».

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *