Балқаш орталық ауруханасында медбикелік күтім бөлімі ашылды

Балқаштағы орталық ауруханада медбикелік күтім бөлімі ашылды. Онда ауру дерттен айыққандарға, өз өзіне қарауға шамасы келмейтін қарияларға, жалғыз басты қарттарға күтім жасалады. Әзірше емдеу мекемесі 3 орын дайындап қойған. Бос төсектердің екеуі терапия, бірі неврология бөліміне қойылыпты. Егер сұраныс болып жатқан жағдайда, орындар санын көбейту жоспарланып отыр. Мұнда емдеуді қажет етпейтін тек күтімге ғана мұқтаж адамдар жатады. Оларға медбикелер бар жағдайын жасап, тегін тамақтандырады. Ал бұл жерге қабылдау үшін учаскелік дәрігердің жолдамасы қажет.

Қайрат Бижанов – орталық аурухананың директор орынбасары
«Медбикелік күтім палаталарына жатқызылмайтын науқастар олар түберкулезге шалдыққан науқастар, тинфекциялық аурумен ауратын науқастар, терінің жұқпалы ауруымен ауратын науқастарды, психикалық ауруға шалдыққандарды жатқызбаймыз. Күтім керек ауруларды жатқызамыз».

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *