Балқаш маңындағы тас жолда Камаз жанып кетті. Видео

Балқаш маңында Камаз жанып кетті. Оқиға жексенбі күні сағат таңғы 7 шамасында Астана-Екатеринбург тас жолында орын алған. Жүк көлігі Астана қаласына бағыт алған. Сарышағанан 40 шақырым жерде көліктен өрт шығып, жолаушылар өрт сөндірушілерге хабар береді. Тілсіз жауды ауыздықтауға Приозерск қаласының құтқарушылары барды. Құтқарушылар 1 сағат ішінде қызыл жалынды толықтай сөндіріп үлгерген. Алайда, Камаз түгелдей жанып кетті. Көлік жүргізушісі аман.

Нұрайым Кенжехан ҚР ІІМ ТЖК Қарағанды облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметі» ММ баспасөз хатшысы
«Жүк көлігінде жаттығу залына арналған құралдар мен мұз айдынына арналған 20 бөшке тиелген. Өрт сөндіруге Қарағанды облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметінің » 2 бірлік техникасы мен жеке құрамнан 6 адам жұмылдырдылды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. Болжам бойынша, қысқа тоқтың тұйықталуынан болуы мүмкін».

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Контент защищен!