Балқаш көшелеріне ұзындығы 8 км болатын гирлянды ілінеді

Балқаш түнде жарқырайтын әсем қалаға айналады. Қаланың 80 жылдық мерейтойына орай аллеяларға ұзындығы 8 км болатын гирлянды ілінеді.
Мамандар Уалиханов көшесіндегі аллеяда осымен бесінші күн жұмыс істеуде. Жалт-жұлт етіп жанатын шамдарды орнату әлі екі күнге созылады. Нәтижесінде тәуелсіздік алаңынан бастап мәдениет сарайына дейін аралық көк және ақ түстермен көмкеріледі. Мұндай безендіру жұмыстары тағы екі жерде жүргізілуде. Көл жағасындағы мен сен сүйем Балқаш композициясы мен танкке дейінгі аралықта және Қараменде би көшесінің бойындағы аллеяда. 3 жерге жалпы ұзындығы 8 км болатын гирлянды ілінеді. Шамдарды жағу рәсімі 14 қыркүйекке жоспарланған.

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

code